Сайлау

Мәжіліс депутаттығына үміткер жұмысшылармен кездесті

Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Олег Иванов «Қызылжар су» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті. Жиын барысында кандидат азаматтардың бұйымтайын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Людмила Семченконың “Қызылжар суда” жұмыс істеп жүргеніне 13 жыл болыпты. Оны алаңдататын мәселе – жалақы көлемі.

ЛЮДМИЛА СЕМЧЕНКО, «Қызылжар су» ЖШС есеп жөніндегі технигі:

– Көпшілікті, соның ішінде мені де жалақы мәселесі алаңдатады. Бүгінде алып жүргеніміз аздық етеді. Сондай-ақ, жұмысы ауыр серіктестікте еңбек етіп жүрген нәзікжандылардың зейнетке шығу жасын қайта қарастырса жақсы болар еді.

Кәсіпорындағы қызметкерлер халық үшін қымет етеді дейді жиынға қатысушылар. Сол себепті, бұл өзекті мәселені шешу қажет.

ОЛЕГ ИВАНОВ, Мәжіліс депутаттығына үміткер:

– Кәсіпорындарда жұмыс істейтін тұрғындардың еңбекақысы инфляцияға байланысты болмауы қажет. Ол үшін заңнамаға өзгерістер енгізу керек. Жалақыны қалыптастырудың негізгі факторы алдымен – салаға, екіншіден өңірге байланысты болып табылады.

Кездесуде өңірді газдандыру мен сапалы ауыз су мәселесі де қозғалды. Бұл түйткілдер заңнамалық деңгейде шешілуі керек делінді жиында.

ОЛЕГ ИВАНОВ, Мәжіліс депутаттығына үміткер:

– Ауыз су мәселесін реттейтін аз-кем заң бар. Бүгінгі таңда санитарлық-эпидемиологиялық нормативтер ғана анықталады, бірақ, жан-жақты барлық аспектілерді анықтайтын заң жоқ.

 

Самал Жунусова