Сайлау

Мәжіліс депутаттығына кандидат «Сұлтан» АҚ-ында болды

Күннің екінші жартысында Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Олег Иванов «Сұлтан» АҚ-ы диірмен-макарон кешенінің жұмысшыларымен кездесті. Жиналған көпшілікке кандидат сайлаудың маңыздылығын айтып, мәслихат пен мәжілістің ара-жігін ажыратты. Кейін азаматтар толғандырған сұрақтарын қойды.

ОЛЕГ ИВАНОВ, Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер:

– Солтүстікқазақстандықтар жалақының төмендігін айтты және әлеуметтік кепілдіктер жайында сөз қозғады. Сондай-ақ, жас мамандарға жасалатын жағдай мен өңірді газдандыру бойынша сұрақ қойды.

 

Алдияр Айтпаев