Сайлау

Депутаттыққа үміткер Жанат Жұмабек пен Сәлима Макишева тұрғындармен кездесті

Облыстық және қалалық мәслихатқа үміткер Жанат Жұмабек пен Сәлима Макишева халықпен кездесті. Қалалық мәдениет үйінде өткен жүздесуде өз-өзін ұсынушы қос кандидат сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Жиында өңірдің климаттық жағдайларына байланысты тұрғындардың табысына қосымша ақы қосу қажеттігі туралы айтылды.

ЖАНАТ ЖҰМАБЕК, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер:

– Басқа облыстарға қарағанда біздің шығынымыз көп. Киім, тамақ, отын бар.

Сәлима Макишева – қалалық мәслихат депутаттығына №13 округ бойынша үміткер. Тұрғындармен кездесуінде азаматтар көбінесе қар тазалау, жол салу мәселелерін көтереді екен.

СӘЛИМА МАКИШЕВА, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер:

– Бізге тұрғындар жеке сұрақтарымен көп шығады. Мысалы, үлкендер жағы қар шығаруды, асфальт төсеуді сұрайды. Осындай мәселелерді шешу қажет.

Қос кандидат тұрғындарға сайлауға қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдірудің ел дамуы үшін маңызды екенін айтты.

 

Байболат Култанов