Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

61 жастағы ер адам түзету мекемесіне телефон өткізбекші болған

Түзету мекемесіне телефон өткізбекші болған 61 жастағы ер адамның әрекеті көлікті тексеру кезінде әшкереленді. Жүк көлігін тізгіндеген қала тұрғыны Заречный кентінде орналасқан №48 мекеменің аумағына кіріп бара жатқан. Байланыс құралы көліктің ішінен табылған. Құжаттардың арасына жасырылыпты. Телефон тәркіленді. Ер адамға қатысты материал жиналып, сотқа жіберілді. Жүргізушіге 34 500 теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

 

Гульден Симбаева