Қоғам

Жемқорлықтан келген залал 4,7 есеге өсті

Бұл туралы LS ақпараттық порталы хабарлады. Құқықтық статистикаға сүйенсек, жемқорлар биыл ақпан айында елімізге 320,6 млн теңге, ал қаңтарда 68,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Былтырғы статистикаға қарағанда осы екі айдағы шығын 5,3 есеге көп болып отыр. Анықталған 200-ге жуық қылмыс ауыр жемқорлық болып саналады. Олар бойынша іс тергеу жұмыстарымен аяқталды. Бұзушылықтардың дені лауазымдық өкілетті теріс пайдаланумен байланысты. Алаяқтарға келетін болсақ, соңғы екі айда олардан 10,4 млн теңгенің шығыны келген.

 

Самал Жунусова