МТРА жаңалықтары

СҚО-да кәсіпкерлерді азық-түлікті жоғары бағамен алуға мәжбүрлеген

Жемқорлыққа қарсы қызметке бір жеке кәсіпкерден “Солтүстік” ӘКК тарапынан әкімшілік кедергі жасалды деген шағым келіп түскен. Іскер азамат ауылды жерде сату мақсатымен әлеуметтік маңызы бар 5 тауар түрін тұрақтандыру қорынан алмақшы болған екен. Алайда, ол қосымша ретінде өзге көтерме жеткізушіден 30 теңгеге қымбат қант сатып алуға міндеттеледі. Осылай «Солтүстік» корпорациясында жоғары бағамен сатып алынған өнімдер шағын бизнес субъектілері арқылы өткізілген. Антикордың араласуынан кейін бұл мәселе шешімін тапты, яғни, алдағы уақытта бұндай олқылықтарға жол берілмеуі керек.