Қоғам

СҚО-да КамАЗ жол жиегіне түсіп кетті

Облыста көктайғақ салдарынан тіркемелі КамАЗ жол жиегіне түсіп кетті. Жол-көлік оқиғасы Мамлют ауданындағы Дубровное ауылынан 31 шақырым жерде болған. Жүргізуші 112 нөміріне хабарласқан. Көмекке патрульдік полиция батальоны келеді. Жақын маңдағы серіктестік ұсынған 2 трактордың көмегімен техника жолға сүйреп шығарылды. КамАЗ тізгініндегі 61 жастағы ер адам сапарын жалғастырып, Қостанай жаққа бағыт алды.