Сайлау

СҚО-да 13 адам кандидатурасынан бас тартқан

Сайлау жайлы тың дерекпен бөлісеміз! Өңірде облыстық мәслихат депутаты атану үшін 53 үміткер өтініш берген. Қалалық мәслихатқа да осыншама адам үміткер. Ал аудандарда 145 округ бойынша 450 теріскейлік додаға түседі. Ұсынылған ақпарда 13 солтүстікқазақстандықтың өз кандидатураларынан бас тартқаны туралы да жазылған. 31 азаматқа құжаттарын толық жинамағаны үшін саяси аламанға қатысу рұқсаты берілмепті. Өңірде тіркелген 556 кандидаттың 58,5 пайызы – ер адамдар. Облыста дауыс берушілердің жалпы саны 384 мыңды құрайды. Қоса кеткен жөн, Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына 10 жерлесіміз қатысады.

 

Байболат Култанов