Сайлау

Петропавлдық кәсіпкер саяси доданың маңыздылығы жайлы айтты

Петропавлдық кәсіпкер Әсел Хамитова алдағы саяси доданы асыға күтіп жүр. Кандидаттардың сайлауалды бағдарламаларымен де танысыпты. Енді наурыздың 19-шы жұлдызында өз учаскесіне барып, таңдау жасамақ. Мұны өзінің міндеті санайды.

ӘСЕЛ ХАМИТОВА, кәсіпкер:

– Саяси науқан өңіріміз бен еліміз үшін өте маңызды. Әр азамат сайлауға жауапкершілікпен қарауы керек. Яғни, әрбіріміздің бойымызда дауыс беретін кандидат біздің өмірімізге оң өзгерістер әкеледі деген сенім болу қажет.

Қазір депутаттыққа үміткер жандар өз бағдарламаларын халыққа таныстырып, тұрғындардың мәселелерін тыңдауда. Бұл ретте бизнес саласында жүргеніне 10 жылдан асқан Әсел Хамитованың айтары бар.

ӘСЕЛ ХАМИТОВА, кәсіпкер:

– Мен шағын бизнеске көп көңіл бөлінсе деймін. Артық салықтар алынып тасталғанын қалаймыз. Мұндай өзгеріс орын алса, кәсіпкерлердің ісі өрге домалар еді.

Жалпы, сайлауға қатысу үшін 14 мыңнан астам қазақстандық өз кандидатурасын ұсынған. Оның 550-ден астамы – солтүстікқазақстандықтар.

 

Самал Жунусова