Қоғам

Петропавлда 7 “SOS түймесі” жұмыс істеп тұр

102 телефон нөмірі, “102” мобильді қосымшасы. Қажет десеңіз, “SOS түймесі” де бар. Шұғыл жағдайда осы қызмет түрлерін пайдалануға болады. Соңғы аталған жаңашылдық Петропавлда 2 жыл бұрын қолға алына бастаған. Онымен полиция қызметкерлерінің көмегі қажет болған жағдайда кез келген уақытта кезекші бөлімдегі маманмен аудио және видео арқылы байланысқа шығуға болады. Жабдықтың маңына камера орнатылған, жақын маңдағы жағдайды байланысқа шыққан тәртіп сақшысы көре алады. “SOS түймелері” орнатылғалы Петропавлда 2021 жылдан бері 7 шақырту келіп түскен. Біреуінде ҚР ҚК 191-бабы – “Тонау” бойынша қылмыстық іс қозғалған екен.