Мәдениет

«Мәңгілік» ансамблінің мерекелік арнауы

Жұлдыздай жарқыраған, музыка мен ырғақ, ұлттық нақыш. Барлығы облыстық филармония сахнасында әсем үйлесім тапқан. Бұл – «Мәңгілік» ансамблінің мерекелік тартуы. Өнерпаздар солтүстікқазақстандық көрерменге Наурызға арнап әзірлеген концертін паш етті. Сахнада сұлулық пен динамика үйлесім тапқан ұлттық би қыздардың орындауында ұсынылды. Терең филиософиялы келесі композицияны қасқыр кейпіндегі жігіттер биледі.

Кеште халықаралық хореографиялық байқаулардың лауреаты “Мәңгілік” ансамблі ғана емес, Ольга мен Михаил Лахтиндер мектеп-студиясының жас әртістері де көрермен жүрегін жаулады.

Концертке филармония әртістерімен бірге өзге өнерпаздар да қатысты.
Бәрінің мақсаты бір – сүйікті көрермендеріне Наурыздың шуағын сыйлау.

КАРИНА САМУДИНОВА, «Мәңгілік» ансамблінің әртісі:

– Концертімізді көктемнің шуақты мерекесі әрі берекесі тасыған Наурызға арнап ұйымдастырдық. Бұл мейрамды бәріміз үшін ортақ, қуаныш-шаттық сыйлайтын мерекеде тіліне, ұлтына қарамастан бүкіл Қазақстан халқы тойлайды. Концерттік бағдарламасының мазмұнды зор жауапкершілікпен қарадық.

“Мәңгілік” ансамблінің көрермендері көп екенін залға жиналған жұртшылықтан байқауға болады. Мерекелік концерт көптің көңілінен шықты.

– Тамаша. “Мәңгіліктің” бүкіл биін білемін. Әсіресе, екеуі қатты ұнайды. Осындай концерттен ерекше қуат аласың.
– Барлығы кәсіби түрде жасалған. Бидің алуан түрлілігі, бишілердің өнері, киімі – бәрі көздің жауын алады.

“Мәңгілік” ұжымы өздерінің концерттік бағдарламаларын елордалықтарға да ұсынғалы отыр. Ансамбль наурыздың 23-інде Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында Наурызға орай жеке концерт береді.