Сайлау

Өңірде Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің саны біреуге қысқарды

Өңірде Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлердің саны біреуге қысқарды.// Бүгін халық қалаулысы атануға өз-өзін ұсынған Мереке Мұхамедияров өз кандидатурасынан бас тартты. Бұл туралы ол журналистерге берген сұхбатында айтты.

МЕРЕКЕ МҰХАМЕДИЯРОВ:

– Мен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидатурамды Еркебұлан Мәмбетовтың пайдасына алып тастаймын деген шешім қабылдадым. Облыстың озық шаруашылықтың бірін басқарып отыр. 30 жылдан астам ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Ауылда тұрады, өңіріміздің дамуына инвестиция салып келеді.

 

Самал Жунусова