Құқық қорғау органдарыҚоғам

Маскүнемдік және нашақорлықпен күрес

Статистикаға сүйенсек, қылмыстардың денін мас күйдегі адамдар жасайды. Отбасылық-тұрмыстық бұзушылықтардың көпшілігі де ащы судың салдарынан орын алады. Сондықтан, учаскелік инспекторлар маскүнем ретінде есепте тұрған жандарды жүйелі түрде тексеріп отырады.

Егер мұндай жағдай қайталана берсе, ішімдікке жақын тұрғын мәжбүрлі түрде ем алуға жіберіледі. Мәселен, жыл басынан бері 17 петропавлдық
маскүнемдік пен нашақорлықтан емделуге жіберіліпті. Олар 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімде мамандардың қатаң бақылауында болады.

ДУЛАТ ТЕМІРТАСОВ, учаскелік полиция инспекторы:

– Бүгін біз Жамбыл ауданының Благовещенка ауылына маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу үшін жібереміз. Біз бұл адамдарды ата-аналары мен жақын туыстарының өтініші бойынша жібергелі отырмыз.

Енді өңір көлеміндегі дерекпен бөлісейік. Жыл басынан бері облыста маскүнемдік пен нашақорлықтан мәжбүрлеп емделуге 50-ден астам адам жіберіліпті. Алкогольге жақын 476 тұрғын есепке қойылған. Ал қоғамдық орындарда масаң күйде болудың – 1735, ащы суды заңсыз сатудың 68 фактісі тіркелген.

 

Самал Жунусова