Қоғам

Көрісу күні

Бүгін – Көрісу күні. Бұл күні барша қазақстандықтар қыстан қысылмай шыққандығына қуанып, әз Наурызды тойлауға қамданады. Жанға жылу сыйлап, ағайын арқа-жарқа болар мереке бүгін облыстық ардагерлер кеңесінде аталып өтілді. Ақжаулықты әжелер мен ақсақалдар бір-бірімен көрісіп, облыстық филармонияның жезтаңдай әншілері әннен шашу шашты.

БЕЙБІТ ӘБІЛОВ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орыбасары:

– 21-22 наурызға дейін облысымыздың әрбір аудандарында бастауыш ардагерлер ұйымдарында осындай шаралар жүргізіледі. Ең бірінші мақсатымыз -келген көктемді қарсы алу. Қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

 

Алдияр Айтпаев