Білім

Қазақ тіліннен оқыту курсы өтіп жатыр

Бүгін мұнда мемлекеттік тілді үйренуге ниетті жандар жиналды. Оқытушы олармен күнделікті өмірде қолданатын сөздерді қайталауда. Қатысушылардың жасы да, ұлты және қызметі де әр түрлі. Жалпы, А1 деңгейнде 2 топ құрылған. Әрқайсысында 25 адамнан. Виталий Лукашов курсқа жарымен келген. Мемлекеттік тілді білу парыз дейді.

ВИТАЛИЙ ЛУКАШОВ, қала тұрғыны:

– Курс 1 ақпан күні басталды. Қазір 11-ші мен 12-ші сабақ болып жатыр. А1 деңгейі болғандықтан қарапайым сөздерді үйренудеміз. Бастапқыда соны да білмеген едік. Қазір толыққанды сөйлемдер құрастырамыз. Әйелім екеуіміз үйде қазақ тілінде сөйлесуге тырысамыз.

Курс сабақтары аптасына 2 рет, яғни сейсенбі мен бейсенбі күндері өтеді. Ал тұрғындарға ыңғайлы болу үшін оқу кешкі уақытта басталады. Мамандардың сөзінше, тілді үйрету үшін қолданылатын әдіс өте тиімді. Яғни сабақтың 30 пайызы теориялық, қалған 70-і практикалық.

АЗАТ ЖОЛТАЙ, облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы:

– Біздің қолданатын әдісіміз – Д.Петров деген ресейлік профессор, көп тілді білетін азаматтың әдісі. Оның тиімділігі – етістіктерге баса назар аударылғаны. Күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді, сөйлемдерді үйретеміз. Қазір 12 сабақ. Жалпы, 20 сабақ жоспарлап отырмыз. 2 бөлімге көштік. Оқушыларымыз өздері жайлы ақпаратты еркін бере алады.

Тілдерді оқыту орталығында ұйымдастырылатын сабақтарға кез келген адам қатыса алады. Барлығы тегін. Қазір қазақ тілін 11 топ меңгеруде. Келесі курс сәуірдің 15-інде басталады.

 

Самал Жунусова