Ауыл шаруашылығы

Ветеринария саласын реформалау

Қазір Қазақстанда ветеринария саласын реформалау жүргізіліп жатыр. Бұған Парламент депутаттары бастамашылық танытыпты. Болашақта халық қалаулыларының ұсынысымен 7 заңнамалық актіге бірнеше бағыт бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингіде айтылды.

АСҚАР ЖАҚЫПБАЕВ, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы:

– Ветеринария саласында кадр даярлау және мамандардың біліктілігін арттыру; мамандардың жалақысын арттыру және қолдау шараларын көрсету, ветеринариялық дәрілердердің мәртесін арттыру.

Міне, келешекте Қазақстанда осы және өзге де өзгерістер орын алуы ықтимал. Арасындағы ең өзектісі – кадр даярлау. Брифингтің негізгі бөлігі аталған мәселеге арналды. Қазір жастар ауылға аттанып, мал дәрігері болғысы келмейді. Бұл ретте айта кетуіміз қажет, мемлекеттік қолдау мығым. Бүгінде ветеринария мамандығында тегін оқуға мүмкіндік зор. Өкінішке қарай, былтыр елімізде ондаған емес, жүздеген гранд игерусіз қалыпты.

БАҚЫТ НАСЫРХАНОВА, “”Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы” КЕ АҚ білім басқармасының бас менеджері:

– Ветеринарияға қызығушылық жоқ. Үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр 925 гранд бөлінді. Соның 574 иегерілмеді.

Сөз соңында мынандай статистикамен де бөлісейік. Қазіргі таңда елімізде 12 мыңнан астам мал дәрігері жұмыс істейді. Ал тапшылық 800 маманды құрайды.

 

Байболат Култанов