Сайлау

Сайлау – азаматтық белсенділік танытатын науқан

Ағымдағы апта айтулы оқиғамен аяқталмақ. Жексенбі күні дүйім жұрт бір адамдай мәжіліс депутаттарын сайлайды. Сын сағат таяп қалды. Бірақ, қоғамда әлі де саяси додаға сеніңкіремейтіндер бар. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың жетекшісі Руслан Асаубаев та жоққа шығармайды.

РУСЛАН АСАУБАЕВ, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық” РҚБ СҚОФ жетекшісі:

– Әр адам өз таңдауын жасауы үшін саяси дода жексенбіге белгіленді. Азаматтық белсенділік таныту қажет. Ертең “мен саяси науқаннан шет қалдым, бұл мен таңдаған депутат емес” демеу үшін дауыс беру керек.

Кандидаттар өздеріне артылған сенімді қазірден сезінулері қажет. Руслан Асаубаевтың айтуынша, ауыз су, жол сынды жауыр болған мәселелерді шешу керек.

РУСЛАН АСАУБАЕВ, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық” РҚБ СҚОФ жетекшісі:

– Біздің облыста таңдау жасауға құқылы адамдардың 45-60% өз таңдауларын жасайды деп ойлаймын. Бұған дейінгі саяси додаларға байқағанымыздай, ауылдағы ағайынның белсенділігі жоғары. Әсіресе, зейнет жастағы жандар науқанға көптеп қатысады.

300 мыңнан астам солтүстікқазақстандық өз таңдауын жасауға құқылы. Айта кетейік, облыстан саяси додаға 500-ден астам кандидат қатысуда.

 

Алдияр Айтпаев