Құқық қорғау органдары

Полиция мамандары есепте тұрған адамдарды тексеруде

Полиция қызметкерлері осылай есік қағып, есепте тұрған жандарды тексеріп жүр. Береке ықшам ауданында бір күнде 100-ден астам адамның үйіне барған. Оның 51-і маскүнем, 16-сы – бұрын сотты болғандар. Барлығы – 71 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

ДАНИЯР ҒАЛИАҚПАРОВ, қалалық екінші полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Жергілікті полиция қызметкерлері және криминалдық полиция қызметкерлерімен 6-шы учаскелік пункті полиция аймағында тізімде тұрған азаматтарды мекенжай бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, қару иелері тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ, мамандар қару ұстайтын 37 адамды тексеріп, азаматтық және қызметік қару айналымы ережелерін бұзу бойынша 2 фактіні анықтады.

 

Гульден Симбаева