Қоғам

Өз міндетін дұрыс атқармаған 182 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Полиция қызметкерлері жуырда “Жасөспірім” деген атаумен жедел-алдын алу шарасын ұйымдастырды. Мамандар қалада түнгі уақытта көше кезген балалардың ата-анасына қатысты бір күнде 4 хаттама толтырған. Кәмелетке толмағанның құқығы мен мүддесін қорғау, тәрбиелеу және білім беру бойынша міндеттерді орындамаудың 3 фактісі анықталды. 5 қолайсыз отбасы тексеріліп, осы санаттағы бір отбасы есепке алыныпты. Тәртіп сақшылары жыл басынан бері облыс аумағында 86 рейд өткізген. Нәтижесінде түнде үйінде болмай, ойын-сауық орындарында табылған жасөспірімдерге қатысты 403 заңды өкіл, сондай-ақ, баласын тәрбиелеу бойынша міндетін атқармайтын 182 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 37 бала құқық қорғау органдарының есебінде тұр.

 

Гульден Симбаева