Мәдениет

Кішкентай көрермендерге су жаңа спектакль ұсынылды

Облыстық қуыршақ театрында – премьера. Сенбі күні бүлдіршіндердің назарына “Қоңыз, Өрмекші және Көбелек” атты ертегі ұсынылды. Бұл жолы кішкентай көрермендер театр залының орындығына емес, жастықтарға жайғасты. Жаңа форматта өткен спектакль барысында олар емін-еркін жүріп, бір-бірімен әңгімелесті. Режиссердің мақсаты да осы. Григорий Лайко театр табалдырығын алғаш рет аттаған балаларға керемет әсер қалдырғысы келген. Сол себепті, туындыны өзгеше форматта ұсынған.

ГРИГОРИЙ ЛАЙКО, қоюшы режиссер:

– Спектакль 20-25 минутқа созылады. Себебі, ертегі ұзақ болса, балалар тиышсызданып, бір орында отыра алмайды. Бұл туындының соншалықты мән-мағынасы жоқ. Басты мақсатымыз – балалардың театр жайлы түсінігін қалыптастыру. 2-3 жасар бүлдіршіндердің жанында ата-аналары болғаны дұрыс. Өйткені, ертегіні тамашалаған баланың сұрақтары туындауы мүмкін.

 

Алдияр Айтпаев