Экономика және қаржыҚоғам

Қазақстанда 12 мың адам банкроттыққа өтініш берді

Бұл туралы мәлімет aikyn.kz сайтында жарияланды. Борышкердің қарызы 5 млн 500 мың теңгеден аспаса,
қарызды өтеудің осы түрін таңдауға мүмкіндігі бар. Айта кеткен жөн, азаматтың қарызы соңғы 12 ай бойы төленбеген болуы қажет. Сонымен қатар, мүлкі болмауы керек. Соттан тыс банкроттық рәсімін пайдалану үшін несие алған мекемемен кілісімшарты болуы тиіс. Тағы бір маңызды жайт, осы рәсімді қолданған жан 5 жыл көлемінде несие ала алмайды. eGov порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына түскен арыздар 15 күн қаралады. Өз арызына теріс жауап алған азамат 3 айдан кейін қайта өтініш бере алады.

 

Гульден Симбаева