ЭкологияҚоғамСайлау

“BAYTAQ” жасылдар партиясының мүшелері Тайыншада болды

Сайлауға саусақпен санарлық күн қалды. Қазір өз-өзін ұсынушы жандар мен партия өкілдері елді аралап, тұрғындармен жүздесуде. Жақында “BAYTAQ” жасылдар партиясының мүшелері Тайынша қаласында болды. Мұнда саяси ұйым өкілдері бірнеше мекеме қызметкерлерімен кездесті.

АСАН МАТКАРИМОВ, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер:

– Біздің басты мақсатымыз – проблемалық мәселелермен танысу, сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдау. Өздеріңізбен ақылдасып, бірге жұмыс істегіміз келеді.

Алғашқы кездесу Тайыншада орналасқан элеватор қызметкерлерімен өтті. Жүздесуде облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер ғана емес, жергілікті тұрғындар да белсенді болды. Олар қоғамдағы түрлі мәселені көтерді. Қаузалған проблеманың бірі – жердің берілмеуі. Танаптың жоқтығынан өзге өңірлерден қоныс аударған ағайын өсімдік және мал шаруашылығымен айналыса алмай отыр екен.
Кейін жасылдар партиясының мүшелері “BioOperations” серіктестігінде, ет өңдеу комбинаты және Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Әр кездесуде тұрғындарды толғандырған мәселелер тілге тиек етілді.

АСАН МАТКАРИМОВ, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер:

– Бұл жақтың халқын негізінен ауыз су, жол мәселесі толғандырады екен. Балаларын мектепке тасымалдауды сұраған адамдар да көп болды. Өтініштерді жазып алдық.

Тұрғындарды тыңдаған кандидаттар түйткілді шешуге ат салысатындарын жеткізді.

 

Байболат Култанов