Денсаулық сақтау

Туберкулездің алдын алу бойынша айлық жүріп жатыр

Қазақстанда ақпанның 24-інен бастап туберкулез дертінің алдын алуға арналған айлық жүріп жатыр. Шара наурыздың 24-інде аталып өтілетін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған. Осыған орай наурыздың 11-і мен 18-інде облыстық фтизиопульмонология орталығының консультативті-диагностикалық бөлімшесінде ашық есік күні өтеді. Яғни, қалаған адам орталыққа келіп, флюорографиялық тексерістен өте алады. Шағымы бар болса, білікті фтизиатрға қаралып, анализ тапсыруына болады. Жалпы, мамандар өңірдегі туберкулезге қатысты эпиджағдайды салыстырмалы түрде тұрақты деп бағалап отыр. Өткен жылы аталған дерт 210 адамнан анықталған, оның 10-ы – бала.

 

Самал Жунусова