Қоғам

Мұғалімдер күні енді 5 қазанда аталып өтіледі

Қазақстанда Мұғалімдер күні 5 қазанда атап өтіледі. Бүгін Үкіметтің тиісті қаулысы күшіне енді. Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада педагогтардың кәсіби мерекесі осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың маман еңбек етеді.

 

Байболат Култанов