Қоғам

Көктайғақ пен боран салдары

Боранның ұйытқуына байланысты кеше бірнеше бағыттағы жол қозғалысына шектеу қойылды. Бір жағынан боран соғып, екінші жағынан көктайғақ ұрып, республикалық маңыздағы жолдарда 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Петропавлда мұндай 5 жағдай болды. Салдарынан 2 адам зардап шекті. Патрульдік полиция қызметкерлері қар құрсауынан 5 көлікті алып шыққан.
“Челябі-Новосібір” бағытындағы жолдың 495-ші шақырымында жүк көлігін тізгіндеген өзбекстандық азамат жолдан түсіп кеткен. Ол Ресейден Ташкент қаласына ағаш апара жатқан екен. Жүргізуші аман. Көлік мамандардың көмегімен жолға сүйреп шығарылды.