Қоғам

Ғ.Мүсірепов ауданында ерлі-зайыптыға иіс тиді

Новоишимское ауылында тұратын ерлі-зайыпты аудандық ауруханаға түнгі 3-те жеткізіледі. Дәрігерлер екеуіне көміртегі тотығымен орташа дәрежеде уланған деген диагноз қойған. 46 мен 47 жастағы ауыл тұрғындары баспана жалдап тұрған екен. Сол үйдің мұржасының күйеге толғаны соншалық, түтін бері қарай шыққан. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы жақсы, үйлеріне жіберіліпті. Үйдің иесі пешін қысқа дұрыс дайындамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 410-бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Мамандардың айтуынша, өткен жылы облыста – 28 адамға, биыл 22 адамға ыс тиген. Біреуі қаза тапты.

 

Гульден Симбаева