Қоғам

Әскери білім беруді дамыту

Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету контексінде әскери білім беруді дамыту. Бүгін осындай тақырыппен Петропавлда V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға қазақстандық мамандармен қатар, Ресей, Өзбекстан және Беларусь елінен келген қонақтар қатысты. Олар жиында білім беру жүйесін дамыту, қарулы күштерге білікті кадрлар дайындау мәселелерін талқылады.

БАУЫРЖАН ӘБЖАНОВ, ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының орынбасары:

– Конференция диалогтік алаңда өтіп жатыр. Яғни, пікірлер мен ұсыныстар айтылуда. Біз қауіпсіздікті арттыру мақсатында жасалатын арнайы стратегиялық, тактикалық әрекеттерді қарастырамыз. Жаңа идеялар мен жобалар ұсынамыз.

Әскери қауіпсіздікті арттыру мақсатында қазақстандық әскерилер көршілес мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенуді және арадағы байланысты одан әрі нығайтуды жөн деп тауыпты. Келесі мәселе – білікті кадр даярлау. Конференцияға орай оқу-тәрбие, қызметтік-жауынгерлік іс-әрекет негізінде түрлі мақалалар жазылыпты. Оларды болашақта оқушылар мен курсанттар оқитын, көңілдерін тоқитын болады.

АРХАТ ТӘТТІМБЕТОВ, ҚР ҰҰ академиясы моральдық-психологиялық қамтамасыз ету циклінің бастығы:

– Конференцияға 150 жуық жуық мақала келіп түсті. Жиын соңында осы мақалалардың жинағы шығады. Жинақ кітапханаларға, жоғары және арнайы оқу орындарына жіберілетін болады.

Бүгінде қаламыздағы Ұлттық ұлан академиясында 800 жуық курсант білім алуда. Жыл сайын 200-ден астам түлек еліміздің түрлі күштік құрылымдарына қызмет етуге жіберіледі.

 

Аснурия Абдула