Құқық қорғау органдары

Полицейлер екі айды қорытындылады

Облыстық полиция департаментінің жедел кеңесінде соңғы 2 айдың қорытындысы шығарылды. Жиында криминалдық, әкімшілік, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басқармаларының бастықтары баяндама оқыды.

МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

– В структуре общеуголовной преступности доля краж продолжает составлять основную часть – это 32%. В их числе – 71 кража из квартир и 48 краж сотовых телефонов. Благодаря принятым мерам профилактического характера, в отчетном периоде удалось добиться снижения краж чужого имущества.

Жиында облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов интернет-алаяқтық фактілерін ашу және болдырмау бойынша жұмысты күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға да ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

– При выполнении служебных обязанностей сотрудники управления административной полиции действуют по принципу сервисной модели полиции и соблюдаются три вектора: пошаговая доступность, направленная на максимальное облегчение доступа граждан в полицию, безопасность и тесное партнерство с населением.

Серік Әлжанов шетелдік автомобильдерді заңдастыру барысы туралы да баяндады. Бұл жұмыс өңірімізде тиісті деңгейде жүргізілуде. Кеңес соңында Талғат Әбілов көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау жөніндегі жұмыс туралы баян етті.

 

Самал Жунусова