Ауыл шаруашылығы

Нәзікжанды ветеринар

Мал дәрігері – сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Бұл кәсіпті екінің бірі таңдай бермейді. Ветеринар болу – Татьяна Бугаеваның өз қалауы. Бүгінде жұмысын абыроймен атқарып жүр. Нәзікжанды Есіл ауданындағы серіктестіктердің бірінде еңбек етеді. Шаруашылық Леонидовка ауылынан 36 шақырым жерде орналасқан. Татьянаның өзі Корнеевкада тұрады. Күнде қызметтік көлікпен келіп, ақбас тұқымды 600 ірі қараның жағдайын қадағалайды.

ТАТЬЯНА БУГАЕВА, серіктестіктің мал дәрігері, Есіл ауданы:

– Жануарларды күнделікті тексереміз. Ауырып қалса, бірден емдеп, дәрі-дәрмекке тапсырыс береміз. Күз бен көктем мезгілінде маусымдық емдеу шаралары жүргізіледі. Ауылдық округтің ветеринары келеді, онымен бірге туберкулезге қан аламыз, сынама зерттеліп болған соң вакцина қойылады.

Серіктестікте Татьяна Бугаева 2019 жылдан бері еңбек етеді.
Бұған дейін аудандық ветеринарлық станцияда 5 жыл бойы қызмет еткен. Сол кезде 4 ауылдың малын қараған екен.
Қазір де мал көп деп тартыншақтамайды. Тиісті шараларды уақытында жүргізіп тұрады.

ТАТЬЯНА БУГАЕВА, серіктестің мал дәрігері, Есіл ауданы:

– Ауылда туып-өстім. Анам сауыншы болды, әкем ауыл шаруашылығы саласында тер төкті. Жұмыстан қашпаймыз. Ата-анам бізді еңбекқор қылып тәрбиеледі. Мал ұстадық. Ветеринарлық жолды таңдауыма осы әсер еткен болар.

25 жылға жуық еңбек өтілі бар Татьяна Бугаева – жас мал дәрігерлері үшін үлгі. Өзі – 2 баланың анасы. Тәрбиелі қыз өсірген нәзікжандының жас ветеринарларға да бағыт-бағдар нұсқайтындай тәжірибесі жетерлік.

 

Самал Жунусова