БілімҚоғам

Қазақстанда жемқорлардың есебінен 70 мектеп салынады

Бұл туралы LS агенттігінің сайтында жазылды. Білім ұялары жыл соңына дейін салынуы тиіс. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің айутынша, арасында жаңадан салынатыны да, құрылысын аяқтау қажет нысандар да бар. Бұл мақсатқа жемқорлардан тәркіленіп алынған 100 млрд теңге бағытталады.

Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:

– Биыл сыбайлас жемқорлардың ақшасына 70-тен астам мектеп салынады. Бұл үшін құжаттар қазірдің өзінде бар, бізде тізімде де бар. Бірер күні бұл тізімге қолдау көрсетіліп, осы мектептердің құрылысын қаржыландыру басталады. Барлық 20 өңір қамтылмақ.