ЭкологияҚоғам

Елік атқан теріскейліктер 3 жылға сотталуы мүмкін

Азық іздеп, ауылға кірген елікті атқан. Мұндай жағдай жақында Қызылжар ауданындағы елді мекендердің бірінде болды. Атылған мылтықтың дыбысын учаскелік инспектордың құлағы шалады. Маман өзге ауылдағы әріптесімен бірге оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіпті. Нәтижесінде олар шанаға 1 сібір елігін артып алған 43 жастағы тұрғынды ұстайды. Заңсыз әрекетке солтүстікқазақстандық 40 жастағы ауылдасымен барған. Екінші күдіктінің үйінен “ИЖ” және “ТОЗ” қаруларын табылады. Заңсыз аңшылық жасағандар 10 млн 350 мың теңгеден астам көлемде айыппұл арқалайды немесе 3 жылға бас бостандығынан айырылады.

 

Алдияр Айтпаев