Қоғам

Жамбыл ауданының әкімі көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады

Дәстүр бойынша Жамбыл ауданының әкімі 8 Наурыз мерекесі қарсаңында көпбалалы аналар мен түрлі салада қызмет ететін әйелдермен кездесті. Мерекелік үстел басында аудан басшысы нәзікжандыларға атқарған қызметтері мен қоғамға сіңірген еңбектері үшін алғысын білдірді. Марат Ескендіров өз сөзінде: “Әр түрлі саладағы қызметтеріне қарамастан әйел – отбасының сақтаушысы. Нәзік иықтарына ауыр жүк артылған. Бала тәрбиесі, отбасы мәселелері, үй шаруасының көп бөлігі әйелдерге тікелей байланысты. Сондықтан, еліміздің бақыты мен балаларымыздың болашағы – сіздердің қолдарыңызда!”,- деді. Келген әрбір қонаққа гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Аснурия Абдула