Мәдениет

НЗМ-нің «Gakku» хореографиялық ансамблі өнер көрсетті

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда НЗМ-нің «Gakku» хареографиялық ансамблі есептік концертін ұйымдастырды. Зал лық толы. Мың бұралған бишілер көрермендерге 20 шақты биін ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өнерпаздар жиналған қауымға түрлі ұлт өкілдерінің билерін ұсынды. Қазіргі таңда үйірмеге 7 мен 12-ші сынып аралығындағы 100-ден аса ұл мен қыз қатысуда. Айта кетейік, ансамбль бірқатар конкурстардың лауреаты атанып, гран-прилерге қол жеткізуде.

 

Гульден Симбаева