Құқық қорғау органдары

19 жыл қызметте

Қалалық полиция басқармасы штабының бастығы Қымбат Қасымғожина құқық қорғау органдарында 2004 жылдан бастап еңбек етеді. Бұл салаға өмірінің 19 жылын арнаған нәзікжанды әріптестері арасында сыйлы. Қызметінің көп бөлігін ювеналдық полиция қатарында өткізіпті. Осы салада еңбек ету бала кезгі арманы болған екен. Жалпы, облыс бойынша полиция қатарында 620 нәзікжанды тер төгіп жүр. Оның 365-і аттестатталған. 150 қыз-келіншек – қалалық басқармада, аудандық бөлімдерде – 205, ал қалғаны ПД аппаратында еңбек етеді. 20 нәзікжанды – басшылық қызметте. Сондай-ақ, 4 әйел адам полковник шенін тағынған.