Құқық қорғау органдары

Шен таққан нәзікжандылар эстафетада сынға түсті

Шен таққан нәзікжандылар арасында 8 Наурыз мерекесіне орай спорттық жарыс ұйымдастырылды. Полицей қыз-келіншектер жылдамдыққа кедергілерден өту, қаруды бұзып-жинау, газқағар киюден сайысқа түсті. Осылай олар ептілік, төзімділік пен табельдік қаруды қалай меңгергендіктерін көрсетті. Жарыстың қорытындысы бойынша департамент аппаратының қызметкері Татьяна Долбышева үздік деп танылды.

ЕРЛАН ҚАБДУАЛИЕВ, СҚО ПД ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

– Бүгін ПД арнайы жұмылдыру даярлық басқармасы «Динамо» дене шынықтыру ұйымымен бірлесе отырып алдымызда келе жатқан Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесіне орай жарыс өткізді. Бұл жарысқа 14 аруымыз қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

 

Самал Жунусова