Құқық қорғау органдары

Полиция қатарында жұмыс істейтін нәзікжандылар марапатталды

8-ші Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жастар сарайында полиция қатарында еңбек етіп жүрген 80-ге жуық нәзікжанды марапатталды. Соның ішінде біреуіне Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасы және 12-сіне «II-шi дәрежелі ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі және тағы біреуіне “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін” медалі табыс етілді. Қалған мамандар министрдің Алғыс хатына ие болды. Үйде – мейірімді ана, нәзік жар. Түзде – темірдей тәртіпке бағынған сақшы. Олар арқалаған жүк жеңіл емес. Бүгінгі жиында полиция департаменті ақпараттық және байланыс басқармасының маманы Аягөз Есімсейітова төсбелгімен марапатталды. Оның осы салада қызмет істеп жүргеніне 18 жыл болған.

АЯГӨЗ ЕСІМСЕЙІТОВА, облыстық ПД ақпараттық байланыс бақармасының бас маманы:

– Осы ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп келе жатырмын. Осы саланы таңдағаныма өкінбеймін. Әрине, полиция саласында қызмет істеу оңай деп айта алмаймын. Әр қызметтің өзінің қиыншылығы болады.

 

Гульден Симбаева