Қоғам

Петропавлда «Aimer» сауда орталығының екінші дүкені ашылды

Петропавлда жаңа «Aimer» сауда орталығының салтанатты ашылуы өтті. Нысан Қазақстан Конституциясы, 74 мекенжайында орналасқан. Бұл – облыс орталығында осындай атаумен ашылып жатқан 2-ші нысан.

Нысанның ашылу салтанатына жиылған жұрттың қарасы қалың.
Мұнда келушілерге арналып концерт ұйымдастырылды. Дәмді палау мен ыстық шәй таратылды. Сондай-ақ, тұрғындар “Aimer” дүкенінің аспаздары әзірлеген бауырсақ, бәліш, тоқаш пен торттан дәм татты. Негізі, жаңа сауда орталығының жұмыс істеп жатқанына бір айдай болып қалды. Осы уақыттың ішінде тұрақты сатып алушыларының саны көбейген.

– Бұрын М.Жұмабаев көшесіндегі
«Aimer»-ге барып жүретінбіз. Мынауысы үйіме жақын орналасқан екен. Ашылғанына өте қуаныштымын. Азық-түлікті алыстан тасымай, енді жақын жерден аламыз.
– “Aimer”-ге отбасымызбен күнде келеміз. Жақын жерде тұрамыз. Дүкеннің іші кең, тауарлары сапалы, бізге ұнайды.

Жаңа нысанның аумағы – 1200 шаршы метр. Іші шынымен де кең. Сөрелеріндегі тауардың түрі 30 мыңнан асады. Сүт, ет өнімдері мен күнделікті тұрмысқа қажетті дүниелердің барлығы бар. Көпшілікке, әсіресе, сауда орталығында пісірілген нан ерекше ұнайды.

МАРИНА ЛИСЯНАЯ, “Aimer” супермаркеттер желісінің коммерциялық директоры:

– “Aimer” дүкенінің нанына деген сұраныс көп.
Аспаздарымыздың өздерінің рецебі бар. Сондай-ақ, дәмді кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар әзірленеді. Дүкенде 4 бірдей цех бар.

Бұл жерде 100-ге жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Сауда орталығы таңғы сағат 8-ден түнгі 23.00-ге дейін жұмыс істейді. 6 касса бар. Соның өзінде ұзын-сонар кезек толастамайды. Бұл – “Aimer” өнімдеріне деген сұраныс пен сенімнің белгісі.

 

Самал Жунусова