Kurultai banner mobile

Қоғам

Қауіпсіздік сабағы

Жақындама, қаш, көмекке шақырудан ұялма. Полиция департаментіндегі арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкерлері күдікті әрі қауіпті адамға кез болған жағдайда балаларға осылай әрекет етуге кеңес береді. Мамандар №10 мектебінің 5-ші сынып оқушыларына арнап қауіпсіздік сабағын өткізді. Сондай-ақ, біреудің оғаш мінез-құлқын байқаған жағдайда дереу ата-ана мен мұғалімге хабарлау қажеттігін айтты. Ең бастысы, қобалжуға жол бермеу керек.

– Может, познакомим их?

– Давай.

– Вот видишь! Вот первая уловка. Этот взрослый человек может вам предложить, чтобы пойти посмотреть животное, которое у него.

Ерлан Қабдуалиев, СҚО ПД ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

– Бұл сабақтың басты мақсаты – біріншіден, өзін-өзі қорғау, қорғай білу, егер де қандай да бір қауіпті себептер болған кезде қандай дұрыс шешім қабылдап, қалай өзін қорғайтыны жайлы сабақ өткіздік.