Құқық қорғау органдары

Тайынша ауданының тұрғынын алаяқ 270 мың теңгеге алдап кеткен

Алаяқ 80 жастағы зейнеткердің үйіне келген. Жүзі таныс емес әйел қарияға бойыңыздағы дерт дуаның салдары деген. Бетін қайтару үшін үйдегі ақшаны тазалау қажеттігін айтыпты. Аңғал нәзікжанды қудың қолына 270 мың теңгеге жуық ақшасын ұстатады. Қайтарған сәтте жұқалап қалғанын аңғарады. Кейін полицияға жүгінеді. Анықтай келе, алақтың алдын ала дайындап қойған сувенир ақша бергені белгілі болды. Алаяқ – Қостанай қаласының тұрғыны. 50 жастағы әйел бұрын сотты болған. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 190-шы бабы – “Алаяқтық” бойынша қозғалған іс сотқа жолданды. Қолды болған қаржы иесіне қайтарылды.