Ауыл шаруашылығы

СҚО-да егіс науқанына 14 мыңнан астам техника жұмылдырылады

Өңір алқаптарында ылғал қоры аз. Мұны жақсы білеті диқандар қазір жатпай-тұрмай қар тоқтату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үстіміздегі жылы танаптағы маңызды шаруа 2,5 млн гектардан астам жерде тындырылыпты. Ақ ұлпа еріп, топырақ кепкен соң техника егіс алаңдарына қайта шығады. Биыл аққайыңдар өлкесіндегі көктемді дала жұмыстарына 13 мың трактор қатыстырылады. Оның 4 мыңнан астамы – тегеурінді машина. Сонымен қатар, 15 мың сепкіш пен өнімділігі аса жоғары 1 400 себу кешені тартылады. Бүгінде дайындық көрсеткіші көңіл көншітеді.

МЕЙРАМ МЕҢДІБАЕВ, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Техниканың дайындығы 95% құрайды. Биыл облыстың агроқұрылымдары жалпы сомасы 69,5 млрд теңгені құрайтын 2370 бірлік жаңа техника мен жабдық сатып алуды жоспарлап отыр. Жыл басынан 4,4 млрд теңгеге 187 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

 

Байболат Култанов