Экономика және қаржыҚоғам

Банкроттыққа өтініш беру басталды

Бүгін Қазақстанда банкроттыққа өтініш беру бастау алды. Берешегі шаш етектен жеке тұлғалар өз өтініштерін кез келген уақытта «E-salyg Azamat», «E-gov» веб-порталы және ХҚКО-ның ақпараттық жүйесі арқылы қалдыра алады. Ал жауап 14 күннен кейін жолданады. Егер азаматтың сұрауы мақұлданып, “банкрот” мәртебесі тағайындалса, оның қаржысы 3 жыл көлемінде мониторингте болады. Қоса кеткен жөн, мұндай статустағы адамға 5 жыл қарыз бен несие берілмейді және банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдана алады.

АЙБОЛ АМАНОВ, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары:

– Өзін-өзі жалған банкрот деп таныған немесе қарызды қайтармаудың амалын жасаған азаматтарға тиісті жауапкершілік те қарастырылған. Заң бұзылу анықталса, тұлғаның мойнына қайтадан қарыз ілінеді және 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

 

Байболат Култанов