ТЖ

4-ші қабаттан секірмекші болған жігітті құтқарған құтқарушы 32 жаста

Өрмекші адам немесе арнайы жасақ жауынгері. Петропавлда адам құтқарған құтқарушыны тұрғындар осылай атап кетті. Оның ерлігі жазылып қалған видео әлеуметтік желіде кешеден бері талқылануда. Оқиға “Береке” ықшам ауданында болды. 112 нөміріне бір жас жігіттің жоғарыдан секіріп кетуге оқталып жатқаны туралы хабарланады. Оқиға орнына Айбол Отарбаев бастаған құтқарушылар келеді. Айбол 5-ші қабатқа көтеріліп, беліне байлаған альпинистік арқанмен жігіт отырған терезені дәлдеп, ішке секіріп түседі. Оны ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырады. Батыл ісімен көпті сүйсіндірген азамат 90-шы жылғы, төтенше жағдайлар қызметінде 8 жыл еңбек етеді.