ТКШ

Мамлют ауданындағы Белое ауылы сапалы ауыз сумен қамтылады

– Когда мы сюда переехали, тут не было воды. Пили воду с озера. Потом поставили нам локалку, сейчас с него пьем.

Надежда Неклюдова Мамлют ауданына қарасты Белое ауылында 30 жыл бойы тұрады. Ауыз судан таршылық көріп отырғанына да осынша уақыт болыпты. Тіршілік көзі – жалғыз құдық. Одан су әкелу өзі сияқты зейнеткерге қиын екені айтпаса да түсінікті. Бүгін елді мекенде ақ түйенің қарны жарылып отыр. Жабдықтау жұмыстарымен айналысқан мердігер компания мамандары ауылға су жібермек.

БҮРКІТБАЙ БЕКБЕНБЕТОВ, «Баймын А» ЖШС учаске бастығы:

– Келісім бойынша барлық жұмыстарды аяқтап болдық. Суды бүгін қосамыз. Бірінші су құбырын Мамлюткадан бері қарай әкелеміз. 300 кубтан 2 резервуар салдық. Бүгін сынау жұмыстарын жүргіземіз. Кейін дезинфекция жасаймыз. 10-15 күн ішінде ауылдың барлық тұрғындарына су беріледі.

Көптің қуанышында шек жоқ. Су құбырын салу үшін облыстық бюджеттен 650 млн теңге бөлінген.

БҮРКІТБАЙ БЕКБЕНБЕТОВ, «Байсын А» ЖШС учаске бастығы:

– Су құбыры 24 шақырымды құрайды. Оның 15 шақырымы – ауылішілік магистраль. Әр үйдің жанында құдықтар орнатылған, соның ішінде жеке-жеке крандар қойылған. Сол арқылы үйлерге су таратылатын болады.

Ал тұрғындар суды құдықтардан құбыр арқылы үйлеріне өздері тартып алады. Қазіргі уақытта 87-сі баспанаға тікелей құбыр өткізілген.

ЮЛИЯ СВИРИДЮК: Белое ауылының тұрғыны, Мамлют ауданы:

– Үйге су құбырын тартып алдық. Оның жалпы ұзындығы 45 метрді құрайды. Оған 180 мың теңге жұмсадық. Шаруашылығымыз бар. Суды тезірек қосқанын қалап отырмыз.

Тұрғындардың барлығы бірдей суды үйлеріне өз күштерімен өткізбейді. “Байсын А” серіктестігі мұндағы ағайынның бір бөлігіне құбырды тегін кіргізіп бермек. Қазіргі таңда тізім әзір.

ӘДІЛХАН РАЗИЕВ, Белое ауылдық округінің әкімі, Мамлют ауданы:

– “Байсын А” серіктестігі мектепке су тартып берді. Қандастарға, жалғызбасты қариялар бар соларға көмек жасайды. Көпбалалы аналарға да құбырды кіргізіп береді. Жалпы, 10 үйге көмек көрсетіледі.

Белое ауылында 200-ден астам үй бар. Барлығы – 600-ге жуық адам тұрады.

 

Самал Жунусова