ТЖ

“Көктем-2023” республикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

Бұл жолғы оқу-жаттығу жиыны “Жас өркен” ықшам ауданынан бастау алды. Жиынға барлығы – 350-ден астам арнайы техника мен 850-ге жуық адам қатысты. Шұғыл шара барысында, негізінен, қар тазалау жұмыстарына екпін берілді.

РАМИЛЬ КАМАЛОВ, облыстық ТЖД бастығы:

– Наурыз айының 2-сі мен 3-і күндері барлық техникалық ресурстарды елді мекендердергі қарды тазалауға жұмылдырамыз. Облысымызда су басу қаупі жоғары 42 ауыл бар. Олардың басым бөлігі Қызылжар, Есіл аудандарында орналасқан.

Облыс орталығындағы кәріздік жүйенің ұзындығы 200 шақырымды құрайды.
Осы орайда ашық және жабық жатқан суағарларды тазалау ісін де назардан тыс қалдырмаған жөн.

ӘДІЛБЕК ӘУБӘКІРОВ, қала әкімінің орынбасары:

– Біз бір уақытта қар шығару және құбыр тазалау жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Осы аптадан бастап кезекті жұмысымыз жеке секторларда жалғасын табады.

Жалпы, бүгінгі күнге дейін 300 мың текше метр қар қала сыртына шығарылған. Осы орайда, айта кететін дүние, күн күрт жылыған жағдайда облыс орталығында 3 шағын ауданға су келуі мүмкін. Олар: “Ойқала”, “Хромзауыт” пен “Заречный” кенттері.

 

Аснурия Абдула