Білім

«Болашақ» стипендиаттарының еңбекпен өтеу мерзімі 1 жылға қысқарды

2023 жылдан бастап шетелде өндірістік тағылымдамадан өтетін «Болашақ» стипендиаттарының еңбекпен өтеу мерзімі 1 жылға қысқарды. Бұл туралы Ғылым министрлігі хабарлады деп жазды aikyn.kz. Стипендия иегерлері белгілі бір әлемдік рейтингтерге кіретін ұйымдарда, БҰҰ-ның халықаралық ұйымдарында тағылымдамадан өте алады. Сондай-ақ, докторанттарға алған мамандығы бойынша постдокторантурадан өту үшін еңбекпен өтеу мерзімі шегеріледі.

Ләззат Әділова, ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры:

– «Өзгертулердің арқасында «Болашақ» стипендиаттары шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуын аяқтағаннан кейін әлемдегі үздік халықаралық компанияларда жұмыс істей алады. Бұл оларға жетекші ұйымдарда тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейдегі кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді».

Сонымен қатар, биылдан бастап шетелдік университет, жұмыс беруші немесе ұйым тарапынан академиялық оқуға гранты бар «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін міндетті еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылды.