ТЖ

Тасқынға дайындық пысықталды

Заречный кентінде тасқын орын алды. Мұндағы үйердің 30 пайызы су астында қалды. Дабыл қағылуда. Осы сәтте құтқарушылар тұрғындарды ескертіп, шұғыл эвакуациялауда. Бұл – бүгін ұйымдастырылған оқу-жаттығу жиынының сценариі.

ӘЗІМХАН МЕРҒАСИМОВ, қалалық ТЖБ бастығының уақытша міндетін атқарушы:

– Заречный кенті мен Ойқала ауданында су басу қаупі жоғары. Себебі, бұл аумақтар Есіл өзеніне жақын орналасқан. “Қазгидрометтің” болжамына сәйкес, биыл жердің қатуы былтырғы нормадан асып түседі. Оған қоса, жауын-шашын көп түседі.

Тасқыннан үйлері зардап шеккен тұрғындар №13 орта мектебінде орналасқан эвакуациялық пунктті паналай алады. Мұнда келген жан алдымен тіркеледі, кейін арнайы медициналық тексерістен өтеді. Бұл жерде қажетті жағдай жасалған. Білім ұясының директоры Абай Қайсиннің айтуынша, қосын 100 пайызға дайын.

АБАЙ ҚАЙСИН, №13 орта мектебінің директоры:

– Медбике бөлмесі бар, ана мен бала бөлмесі бар. Азық-түлікпен қалалық әкімдік қамтамасыз етеді. №1 қалалық емхана дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. 40 адамнан артық қабылдауға мүмкіндігіміз бар, ол үшін тағы 2 бөлме қарастырылған.

Тұрғындар 2017 жылғы жағдайдың қайталанғанын қаламайды. Еске салсақ, осыдан 6 жыл бұрын Заречный кентіндегі тұрғын үйлердің дені су астында қалды. Қауырт маусымға жерлестеріміз дайындалып жатыр. Мынандай шамадан мұндай ағайынның көбінде бар.

ВАЛЕРИЙ БЕНДЕРЯ, Заречный кентінің тұрғыны:

– 2017 жылы біз уақытында жиналып, басқа жерге қоныс аудардық. Содан бері осындай шамадан дайындайтын болдық.
Онда қажетті заттардың барлығы бар.

Су тасқынының алдын алу үшін қазір көшелерде коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеуде. Бүгінге дейін 300 мың текше метр қар шығарылған. Шаһар басшылығы төтенше жағдайға дайынбыз деп отыр.

ӘДІЛБЕК ӘУБӘКІРОВ, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Петропавлда 3 эвакуациялау пункті бар. Орта мектеп негізінде орналасқан. 100 дайын. Дайындық жұмыстары жүргізілуде. Кәріздер тазартылуда, қар шығарылып жатыр. Жұмыстар әлі де жалғасуда.

Жалпы, қазір Заречный кентінде 5 мыңнан астам адам тұрады.

 

Самал Жунусова