ТЖ

Өрттің алдын алу

Дін өкілдері дөңгелек үстел басында бас қосты. Бүгін Петропавлда қаладағы мешіт пен шіркеу қызметкерлерінің қатысумен жиын өтті. Шараға ТЖД мамандары да қатысты. Құтқарушылар өртке қатысты профилактикалық шараларды түсіндірді. Діни мекемелерде іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Ондай кезде көпшіліктің де қарасы арта түседі. Сол себепті, дін өкілдері сақтық шараларын әркез жадында сақтап, қателіктерге жол бермеуі қажет.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Діни мекемелерде қауіпсіздік шаралары басты назарда болуы керек. Қосымша есіктердің алдына жүріп-тұруға кедергі келтіретін дүниелер қоймаған жөн. Мекеме жобасына да өзгеріс енгізуге болмайды. Өрт сөндіргіш құралдары мен дабыл жүйесі ақаусыз жұмыс істеуі тиіс.

 

Алдияр Айтпаев