Құқық қорғау органдары

Орманнан саңырауқұлақ емес, мылтық тапқан

Аңшы болмаса да орманнан тауып алған мылтықты өзінде қалдырған. “Браконьер” жедел-алдын алу шарасы барысында 45 жастағы ауыл тұрғынының үйінен еш жерде тіркелмеген «ИЖ-58» маркалы қару тәркіленді. Аққайың ауданының тұрғыны оны орманға саңырауқұлақ теруге барып, тауып алғанын айтқан. Олжаның орнына мойнына енді 69 мың теңге көлемінде айыппұл ілінуі мүмкін. Мылтық сараптамаға жіберілді. Атуға жарамды екені анықталса, ер адам ҚР ӘК 482-ші бабы бойынша жауапқа тартылады.