ТЖ

Мектепте оқу-жаттығу жиыны өтті

Заречный кентіндегі 13-ші орта мектепте таңертең дабыл қағылды.
Мұны естіген ұл-қыздар бірден сыртқа беттеді. Зорайтқыш тек қауіп төнген жағдайда ғана қосылады. Яғни, су тасқыны, нысаннан өрт шыққан кезде.

АНДРЕЙ МАМОНТОВ, №13 орта мектебінің оқушысы:

– Бұндай оқу-жаттығу біздің мектепте жыл сайын өткізіліп тұрады. Бүгінгі шара жайлы бізге алдын ала айтылды. Ешқандай қобалжу болған жоқ. Төтенше жағдай туындаған кезде қалай әрекет ету қажеттігін біз жақсы білеміз.

АБАЙ ҚАЙСИН, №13 орта мектебінің директоры:

– Біздің балалар төтенше жағдайға дайын. Сыртқа шығуға арналған 6 есік бар.

Құтқарушы мамандар сирена соғылған жағдайда
жылдам әрекет етіп, дүрбелеңге салынбай сыртқа шығуға асығу керек дейді.

ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, қалалық ТЖБ қызметкері:

– Оқушылардың дайындықтары өте жақсы. Ешқандай қарбалассыз, уақытылы шықты.

Оқу-жаттығу жиыны Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылды.

 

Гульден Симбаева