Мәдениет

Балаларға арналған мерекелік қойылым

Алғыс айту күніне орай облыстық қуыршақ театрында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып “Сиқырлы шамшырақ” қойылымы сахналанды. Спетакль достық пен зұлымдықпен күрес жайында. Басты кейіпкерлер: ер бала – Ваня, қыз – Настя және гном. Олардың әрқайсысы қиындыққа тап болады. Сол қиындықты еңсеру үшін ұзақ жол жүріп, әр түрлі кейіпкерлермен танысады. Көрермендер – түзету мектеп-интернатының оқушылары.

ГРИГОРИЙ ЛАЙКО, облыстық қуыршақ театрының бас режиссері:

– Қойылым мызғымас достық жайында. Көрерменге басқа іс түскенде жақсылықтан үміт үзбей, бір-біріне көмектесу қажеттігі туралы ой салады. Негізі, бұл қойылымның режиссері – менің мәскеулік әріптесім Дмитрий Богданов. 3 жыл бұрын осы сахнада Жаңа жыл қарсаңында көрсетілген болатын. Алғыс айту күніне орай аздап өзгертілді.

Қиналған сәтте қол ұшын созбайтын, тәкаппарлыққа салынатын достар да кездеседі. Бірақ, бірлесіп көтерген жүк жеңіл, бірігу арқылы кез келген қиындықты еңсеруге болады. Қуыршақтар мен әртістер ұмытылмас әсер қалдырды. “Сиқырлы шамшырақ” спектаклінің негізгі идеясы осындай.